ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» ММ
«В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ
Педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ


«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ «В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ-не педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз.

  • ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ — 2 бірлік.
    Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылы, Н.Орынбасаров көшесі, 1. Эл.поштасы: alexsandrovka@mail.ru
    Телефон нөмері: 8-713-42-26-109
    Конкурс талаптары бойынша мектеп сайтының сілтемесіне өтіңіз: https://patsaeva-sh.edu.kz/
    Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.09-23.09.2024 жыл (хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
    Құжаттарды қабылдайтын орын: «В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ, І-қабат, қабылдау бөлмесі.
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (14.04.2023ж №100 бұйрығы толықтырулар мен өзгерістермен) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф, 64, 66 тармақтар барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды ескеру қажет.
    Конкурсқа қатысушылар хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
    1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
    9) Cертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда); 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл;
    11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
    12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
    13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Қосымша ақпарат көздері